Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да зейнеткердің үйінен оқ-дәрілердің тұтас қоймасы табылды

Опубликовано:

Зейнеткердің қоймасындағы оқ-дәрілер
Фото: ШҚО Полиция департаменті

Тәртіп сақшылары Риддер қаласының 62 жастағы тұрғынын ұстады, оның үйінде тұтас оқ-дәрі қоймасы бар екені анықталды, деп хабарлайды ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның хабарлауынша, полицейлер зейнеткердің дәліздегі сақтау бөлмесінен 5,6 мм калибрлі 703 патрон, 20 мм тегіс ұңғылы мылтыққа арналған 37 оқ, 7 қорап оқ-дәрі, 3 қап бытыра, сондай-ақ қарудың дүмбісі және соққы механизмін тапқан.

Қоймадан табылған оқ-дәрі
Фото: ШҚО Полиция департаменті

Зейнеткер полицейлерге күйеуі қайтыс болғаннан кейін бүкіл арсенал оған қалғанын түсіндірді. Алайда тәртіп сақшылары күдіктінің де, оның марқұм күйеуінің де дерекқорда қару иелерінің тізімінде жоқ екенін анықтады.

62 жастағы қала тұрғынына қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987322-sqo-da-zeinetkerdin-uiinen-oq-darilerdin-tutas-qoimasy-tabyldy/

pixel