Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда сауда ойын-сауық орталығынан адамдар эвакуацияланды (видео)

Опубликовано:

Адамдарды сауда орталығынан шығаруда
Видеодан кадр. Фото: t.me/kris_p_almaty_official

Алматыдағы Maxima сауда ойын-сауық орталығының келушілері мен қызметкерлері бомба бар деген хабарға байланысты эвакуацияланды. Ақпаратқа полиция пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сауда орталығында түсірілген бейнежазбаларды әлеуметтік желі қолданушылары бөлісуде. Қала тұрғындарының айтуынша, орталықтың барлық келушілері мен қызметкерлері ғимараттан шығарылған.

Сауда орталығының өзінен өрт дабылы естіледі. Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің ресми Telegram-каналында полицияға сауда орталығының миналанғаны туралы хабарлама түскен, бірақ жарылғыш зат туралы ақпарат расталмады.

"Осындай хабарларға алғашқы ден қою шаралары аясында сауда үйінің келушілері мен қызметкерлері эвакуацияланды. Саперлер мен басқа бөлімшелердің қызметкерлері ғимаратты тексеріп шықты. Жарылғыш зат табылмады, ақпарат жалған болып шықты",делінген хабарламада.

Қазір полицейлер орталықты "миналаған" аты-жөні белгісіз адамды іздестіріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987324-almatyda-sauda-oiyn-sauyq-ortalygynan-adamdar-evakuaciyalandy-video/

pixel