Ақтөбеде мамандандырылған ХҚКО басшысы тексерістен кейін қызметінен босатылды

Опубликовано:

кеңсе2
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы тексерістен кейін қызметінен босатылды. Бұл туралы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев Facebook желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, Ақтөбе қаласындағы Алматы ауданының прокуратурасы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметін тексеру барысында заңбұзушылықты анықтаған.

Жасұлан Дәулембаев мәлімдеуінше, Түркістан облысының Сарыағаш қаласындағы ЖШС медициналық тексеру жасату үшін нарколог дәрігерінің қызметіне - 5000 теңге, ал басқа мамандарға - 8000 теңге көлемінде ақы алған.

Айта кетері, аталмыш кәсіпорынның медициналық қызмет көрсетуге лицензиясы мен санитарлық сертификаты болмаған. Ал наркологтың тексеру құны Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген баға бойынша 1015 теңгеден аспауы тиіс.

"Прокуратураның ұсынысымен серіктестік лицензиялау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ медициналық қызмет көрсету шарты бұзылып, халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы қызметінен босатылды", - деді Жасұлан Дәулембаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987333-aqtobede-mamandandyrylgan-xqko-bassysy-tekseristen-keiin-qyzmetinen-bosatyldy/