Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бірқатар өңірінде үсік жүреді деп күтілуде

Опубликовано:

гүл
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" синоптиктері осы аптаның бірінші жартысына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды метеорологиялық қызметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік-батыс суық антициклонның әсерінен еліміздің солтүстік облыстарында салқын ауа райы сақталады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады.

Шығыс пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбырдың соңы бұрқасынға айналуы ықтимал.

Сәрсенбі және бейсенбі күндері, 14 және 15 қыркүйекте Қазақстанның шығысында қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді деп күтілуде.

Түнде орталық облыстарда, солтүстікте, солтүстік-батыста және шығыста, сондай-ақ еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда күн 3 градусқа дейін суытып, үсік жүруі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987347-aldagy-kunderi-elimizdin-birqatar-onirinde-usik-zuredi-dep-kutilude/

pixel