Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында әйел жақын танысының жүзігін ұрлады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

келіншек
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында жақын танысының алтын сақинасын ұрлап кеткен күдікті әйел анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым дерегінше, Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Әйел үйіне келген танысы екі алтын сақинасын ұрлап кеткенін айтқан.

Хабарлама алған бойда тәртіп сақшылары оқиға орнына бірден жетті. Олар қылмысты ашуға бағытталған шараларды жүзеге асырып, қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтады. Күдікті Сарыағаш ауданының тұрғыны әрі жәбірленушінің танысы болып шықты.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987410-turkistan-oblysynda-aiel-zaqyn-tanysynyn-zuzigin-urlady-degen-kudikke-ilindi/

pixel