Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында өрттен зардап шеккен әр отбасына 1 млн теңгеден беріле бастады

Опубликовано:

ТЖМ өрт қасақана қойылмағанын мәлімдеді
Қостанай облысындағы өрт салдары: Георгий Шаповалов/NUR.KZ

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өрттен зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, оларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау және көмек шаралары туралы айтты. Бұл жөнінде өңір басшысы өзінің Instagram парақшасында жазды.

Кездесуде әкім өңірде баспанасынан айырылған тұрғындар үшін 91 үй салу туралы шешім қабылданғанын, бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстарымен 13 мердігерлік ұйым айналысып жатқанын мәлім еткен.

"Жаңа үйлер салу орны ретінде Әулиекөл ауылындағы жер учаскесі таңдалды. Әулиекөл ауылының жоспарына сәйкес, тұрғын үй құрылысына жалпы ауданы 53 га жер учаскесі бар. Осы учаскеден 10 сотық учаскеде әрқайсысының ауданы 100 ш.м. тұрғын үйлер салу үшін 12 га бөлінді. Жер учаскелері қажетті инфрақұрылыммен: су, газ, электр энергиясымен, сондай-ақ кіреберіс жолдармен қамтамасыз етілетін болады", - дейді облыс басшысы.

Архимед Мұхамбетовтың сөзінше, жер учаскелері бар жаңа үйлер өрт салдарынан зардап шеккен азаматтардың меншік құқығына берілетін болады.

"Құрылыс жұмыстары өзімнің жеке бақылауыммен, сондай-ақ техникалық және авторлық қадағалаумен жүзеге асырылады", - деп сендіреді әкім.

Сондай-ақ өңір басшысы үй жануарларының қырылуына байланысты залал өтелетінін атап өткен.

"Ауыл шаруашылығы жануарлары бойынша залалды өтеу Әулиекөл ауданының әкімдігіне жүгінген кезде жергілікті бюджет және "Қайырымдылық КZ" қоғамдық қоры қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады", - делінген Архимед Мұхамбетовтың жазбасында.

Әкімнің айтуынша, бұдан бөлек 14 кәсіпкерлік субъектісі де зардап шеккен.

"Барлық зардап шеккен нысандар бойынша кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Залалдарды өтеу шығынды бағалағаннан кейін және кәсіпкердің тиісті растайтын құжаттары болған жағдайда ғана жүргізілетінін атап өтемін.

Өрт кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін облыста "Қайырымдылық КZ" бірыңғай қоғамдық қоры жұмыс істейді. Қор қаражатынан барлық зардап шеккен отбасыларға 1 млн теңгеден төлеу туралы шешім қабылданды. Құжаттары толық көлемде ұсынылған алғашқы 48 адам 1 млн теңгеден карт-шоттарға ие болды", - делінген жазбада.

Сонымен қатар Әулиекөл ауданына еліміздің ірі бизнес өкілдері демеушілік көмек көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987478-qostanai-oblysynda-ortten-zardap-sekken-ar-otbasyna-1-mln-tengeden-berile-bastady/

pixel