Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуразиялық банк Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендердің несиелерін кешіре бастады

Опубликовано:

Eurasian Bank
Фото: Eurasian Bank

Қыркүйек айының басында Қостанай облысында ірі табиғи өрт болды. Оның аумағы шамамен 43 мың гектарды құрады. Өрт 91 тұрғын үйді шарпып, зақымдады. Осы орайда Еуразиялық банк өңір тұрғындарына қолдау көрсетуді ұйғарды.

Бүгінде Еуразиялық банк Қостанай облысында өрттен зардап шеккен клиенттердің алғашқы үш несиесін кешірді.

"Осы өңірде белсенді жұмыс істеп жатқан банк ретінде біз табиғи апат кезінде үйлері толығымен өртенген клиенттердің бұрыннан бар несиелерін кешіруді бастадық. Жақын арада халықтың тұрмысы жақсарып, зардап шеккен ауылдар көптің көмегімен гүлдене түседі деген үміттеміз", - деді Еуразиялық банк басқармасының төрағасы Валентин Морозов.

Облыс тұрғындарына қолдау ретінде банк "Қайырымдылық KZ" бірыңғай қорына қаржылай көмек аударды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987498-euraziyalyq-bank-qostanai-oblysyndagy-ortten-zardap-sekkenderdin-nesielerin-kesire-bastady/

pixel