Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"100 мың теңгеге жүргізуші куәлігі": Ақтауда алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Опубликовано:

кісен
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақтауда "жүргізуші куәлігін заңсыз алып бермек болды" деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды. Бұған қатысты Маңғыстау облысының полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды Polisia.kz

Белгілі болғандай, Ақтау қаласының тұрғыны Telegram месенджері арқылы "жүргізуші куәлігін алып берем" деп арызданушының сеніміне кіріп, уәдесінде тұрмаған.

Ол жәбірленушіден 100 мың теңге көлемінде қаржы жымқырған.

Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтағанын хабарлады.

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабымен ("Алаяқтық") тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Полиция өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейтінін жеткізді.

Осы орайда ведомство өкілдері маңғыстаулықтарды аса сақ болуға және желі алаяқтарының құрбаны болмас үшін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987519-100-myn-tengege-zurgizusi-kualigi-aqtauda-alayaqtyq-zasady-degen-kudikpen-er-adam-ustaldy/

pixel