Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраулық әйел алаяқтарға оңбай алданып қалғанын айтты

Опубликовано:

Әйел
Көрнекі фото: pixabay.com

Биыл 1000-ға жуық атыраулық алаяқтарға алданған. Соның бірі - Кәмшат Нысамбаева. Ол үйіне тапсырыспен жиһаз жасатамын деп жарты миллион теңгесінен айырылған. Атырау облысының тұрғыны KAZ.NUR.KZ тілшісіне бәрі қалай басталғанын айтып берді.

Кәмшат Нысамбаева екі ай бұрын жергіліткі жиһаз салонына хабарласып, шеберді шақырған.

Үйіне келген компания өкілі бағасы 880 мың теңгеге бағаланған жиһазды келісімшартсыз 680 мың теңгеге жасау туралы ұсыныс тастайды.

"Егер осы жұмысты мекемемен келісімшартсыз жасайтын болсақ, 680 мың теңгеге жасап беретінін айтты. "Алдап кетпейсіз бе?" деген сұрағыма ”мен директордың орынбасарымын, қалай алдаймын” деп сендірді.

Келіскен қаржының 450 мың теңгесін жұмысшының әйелім деп айтқан "каспий голдына" аудардым. Келесі күні шебер жиһаздың қалай шығатыны көрсетілген эскизді жіберді. Бірақ осыдан кейін еш хабар болмады. Аяқтауы тиіс уақыт жеткенде телефонына хабарластым, сөндірулі болды. Содан компанияның өзіне хабарластым, ол жерде аталған қызметкердің жұмыстан шығып кеткенін айтты. Ол жерге әлгі азаматты іздеп хабарласқан жалғыз мен емес екенмін", - дейді Камшат Нысанбаева.

Содан кейін Кәмшат полицияға да арыз жазған. Ақшаны аударған әйелдің де нөмеріне хабарласқан. Бірақ ақша аударған нөмір әйелі емес, онымен уақытша бірге тұрған келіншек болып шығады.

Жәбірленушінің сөзінше, оны алдап кеткен алаяқ биыл қаңтар айында Ақтау қаласынан Атырауға келген.

Ол атыраулық келіншекпен жақын араласып, үйленетінін айтып, үйінде тұрған. Ол әйелге түскен ақшаны банкомат арқылы шешіп алып отырған. Бірақ кейін із-түссіз жоғалып кетіпті.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, іздестіріліп жатқан жұмысшы бұған дейін де алаяқтық бойынша 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, ер адам іздестірілуде.

"Полиция қызметкерлері екі айдан бері әлі таба алмай жатыр. Тіпті асығып та жатқан жоқ. Мен жалғысбасты анамын, осыдан соң психикалық күйзеліске ұшырадым. Өзге тұрғындар да мен секілді алданып, қиналмасын деп өз оқиғаммен бөлісуді жөн көрдім", - дейді тұрғын.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, биыл 914 атыраулық тұрғын 1 млрд 358 млн 625 мың теңгесін алаяқтың қолына ұстатқан.

"Оның ішінде 484 әйел болса, 3-жасөспірім. Жалпы биылғы жылы 138 алаяққа, оның ішінде 35 әйел адамға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді", - дейді Атырау облыстық полиция депаратментінің баспасөз қызметі.

Автор: Әйгерім Сайқын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987580-atyraulyq-aiel-alayaqtarga-onbai-aldanyp-qalganyn-aitty/

pixel