Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында арнайы рейд кезінде жеңіл жүрісті қыздар ұсталды

Опубликовано:

жеңіл жүрісті
Фото: Түркістан облысының полиция департаменті

Түркістан облысында арнайы рейд кезінде 26 жеңіл жүрісті қыз есепке қойылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, тәртіп сақшылары Сарыағаш және Сайрам аудандарында екі жеңгетайлық және притон ұйымдастыру дерегінің жолын кескен.

Мәселен, полиция қызметкерлері Сайрам ауданы елдімекендерінің бірінде, өз үйінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырған жергілікті тұрғын, яғни егде жастағы әйелді анықтады.

Нәтижесінде жедел уәкілдер, күдікті мен жеңіл жүрісті қызды анықтап, олардан айғақты зат ретінде ақша тәркіледі.

Ведомство осыған ұқсас притон ұйымдастыру дерегін Сарыағаш ауданындағы үйлердің бірінен бұған дейін де анықтағанын хабарлады.

Қазіргі уақытта аталған деректер Қылмыстық кодекстің 309-бабы 1-бөлігі "Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Сонымен қатар "Стоп-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 26 жеңіл жүрісті қыз профилактикалық есепке қойылып, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 449-бабы бойынша 30-ға жуық әкімшілік хаттама толтырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987946-turkistan-oblysynda-arnaiy-reid-kezinde-zenil-zuristi-qyzdar-ustaldy/

pixel