Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзінің үйлену тойында аспанға оқ жаудырған тараздық жұрттың зәресін алды

Опубликовано:

Атыс
Оқиға орнынан кадр: instagram.com/taraz_v_teme

Әлеуметтік желіде "өзінің үйлену тойында полиция қызметкері аспанға оқ жаудырды" деген ақпарат тарады. Бұл фактіге қатысты Жамбыл облысының полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған дерек бойынша Жамбыл облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастағанын мәлімдеді.

Тергеу барысында оқ атқан тараздық 28 жастағы азаматтың уақытша жұмыссыз екені анықталып, оның полиция қызметкері еместігі және бұрын ішкі істер органдарында жұмыс жасамағаны белгілі болған.

Сонымен қатар сайга аңшы мылтығы заң жүзінде осы азаматтың атына тіркелгені және 2021 жылдың 1 маусымында оны алып жүруге рұқсат берілгені анықталды.

Қазіргі уақытта қару тәркіленіп, сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

Күдікті сот шешімімен үй қамаққа алынды.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987985-ozinin-uilenu-toiynda-aspanga-oq-zaudyrgan-tarazdyq-zurttyn-zaresin-aldy/

pixel