Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысындағы мектептердің бірінде оқушылар қысқы киіммен сабақ оқуға мәжбүр

Опубликовано:

Сынып1
Көрнекі фото: piqsels.com

Павлодар облысы Май ауданында орналасқан мектептердің бірінде оқушылар қысқы киіммен сабаққа барып жүр, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Басылым мәліметінше, бүгін, 15 қыркүйекте облыс әкімінің Май ауданының тұрғындарымен кездесуінде Көктөбе ауылының тұрғыны Таныстық Жақауова өңір басшысы Әбілқайыр Сқақовтан аудан орталығындағы мектепті жылыту мәселесін шешуді сұрады. 

Оның сөзінше, 2010 жылы салынған білім ордасы қысқы кезеңде нашар жылытады. Балалар сыртқы киімдермен жүруге мәжбүр және жиі ауырады, дейді ол.

Осы орайда Май ауданының әкімі Ағыбай Әмірин мектеп орталық қазандықпен жылытылатынын жеткізді. 

"Өткен жылы қыста салқын болды. Биыл орталық қазандыққа екі жаңа үлкен құрылғы қойдық. Мамандарды шақыртып, зерттеулер жүргіздік. Олардың ұсыныстары бойынша жұмыстар жүргіздік", - деді аудан әкімі.

Аймақ басшысы Май ауданының әкіміне мектептегі жылу мәселесін шешуді тапсырды. 

"Қыста келіп көреміз", - деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988013-pavlodar-oblysyndagy-mektepterdin-birinde-oqusylar-qysqy-kiimmen-sabaq-oquga-mazbur/

pixel