Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте есепшілер 10 миллион теңгеге жуық қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шымкентте мемлекеттік кітапхана есепшілері 10 миллион теңгеге жуық қаражатты жымқырды деп күдіктілеуде. Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп тексеру департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Шымкент қаласының орталықтандырылған бұқаралық кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің есепшілерінің үстінен бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бухгалтерлер 9 791 391 теңгені заңсыз иемденген. Олар бұл пиғылдарын үш жыл бойы жүзеге асырып келген.

2018-2021 жылдар аралығында "Шымкент қаласының орталықтандырылған бұқаралық кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің төлем құжаттарына жалған мәліметтер енгізіп отырған.

Қазіргі таңда іс сотқа жолданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988254-symkentte-esepsiler-10-million-tengege-zuyq-qarzy-zymqyrdy-degen-kudikke-ilindi/

pixel