Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 32 градусқа дейін ыстық: дүйсенбіде ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

жапырақ
Жапырақ. Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 19 қыркүйек дүйсенбегі арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, түнгі сағаттарда республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында үсік күтіледі.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Сондай-ақ ел аумағында жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, шығыста түнде және таңертең тұман күтіледі.

Сонымен қатар, бүгін Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі, Павлодар облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Одан бөлек, түнде Ақмола облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының батысында 1-3 градус үсік, түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, Павлодар облысының басым бөлігінде топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.

Ал еліміздің үш мегаполисіндегі ауа райына келсек, бүгін елордада көшпелі бұлт шығып, күн жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күші 3-8 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 21-23 градус жылы болады.

Алматы қаласында да көшпелі бұлт шығып, жауын жаумайды. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 25-27 градус жылы болады. Бұдан бөлек, күші 2-7 м/с-қа дейін жететін жел тұруы ықтимал.

Шымкент қаласында да бүгін көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күші 8-13 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 30-32 градус жылы болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988404-symkentte-32-gradusqa-deiin-ystyq-duisenbide-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel