Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда көмірді автокөлікпен экспорттауға уақытша шектеу енгізілді

Опубликовано:

көмір тиеген көлік
Көмір тиеген бульдозер. Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көмірді автокөлікпен экспорттауға уақытша шектеу енгізді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі ресми сайтында хабарлады.

"Көмірді елден тыс жерлерге автокөлікпен шығаруға тыйым салу туралы 14.09.2022 жылғы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің № 514 бұйрығы шықты.

Уақытша шектеу тұрғындар мен коммуналдық және әлеуметтік нысандарға арналған көмірдің шекаралас өңірлерге автокөлікпен тасымалданып, қатты отынды көршілес мемлекеттерде қайта сату үшін шығарылған фактілердің анықталуына байланысты енгізіліп отыр", - делінген хабарламада.

ИИДМ министрліктің бұл шешімі жергілікті көмір тиеу тұйықтары мен өңір әкімдіктерімен бірлесіп әзірленгенін атап өтті.

"Басты мақсат – 2022-2023 жылдарындағы жылу беру маусымы кезеңінде көзделген межені орындау және елдегі көмір тапшылығын болдырмау", - деп қосты ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988459-elimizde-komirdi-kolikpen-sekaradan-sygaruga-uaqytsa-sekteu-engizildi/

pixel