Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейіржан Төребаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Жарияланған күні:

Мейіржан Төребаев
Мейіржан Төребаев. Фото: Instagram/meirzhach_tv

Танымал вайнер Мейіржан Төребаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды. Бұл жолы сот қамау мерзімін 17 қазанға дейін ұзарту туралы шешім шығарды. Бұл туралы NUR.KZ тілшісіне Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен Төребаевты қамауда ұстау мерзімін 17 қазанға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініш қанағаттандырылған.

Осы уақытта Төребаев іс материалдарымен танысады.

Еске сала кетейік, биыл ақпан айында вайнер Мейіржан Төребаев пен актер Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын. Ол кезде Алматының тергеу соты оларға кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған еді.

Алайда 20 сәуірде Төребаев пен Шерниязов 10 тәулікке қамауға алынып, 29 сәуірде қамауға алу мерзімі екі айға ұзартылды. Кейінірек, 18 маусымда оларды қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзартылды.

Ал 17 тамызда Мейіржан Төребаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988479-meiirzan-torebaevty-qamauda-ustau-merzimi-tagy-uzartyldy/