Вайнер Мейіржан Төребаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзарды
Опубликовано:

Қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұсталған қазақстандық вайнер Мейіржан Төребаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 17 тамыздағы қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімін іс материалдарымен танысу кезеңінде 30 тәулікке ұзарту туралы өтінішхат қанағаттандырылды, яғни 18 қыркүйекке дейін ұзартылды", - делінген Алматы қалалық сотының баспасөз хабарламасында.
Ведомствоның баспасөз қызметі сот шешімі әлі заңды күшіне енбегенін атап өткен.
Еске сала кетейік, биыл ақпан айында блогер Мейіржан Төребаев пен актер Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын. Ол кезде Алматының тергеу соты оларға кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған еді.
Алайда 20 сәуірде Төребаев пен Шерниязов 10 тәулікке қамауға алынып, 29 сәуірде қамауға алу мерзімі екі айға ұзартылды. Кейінірек, 18 маусымда оларды қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзартылды.
Сондай-ақ Мейіржан Төребаевтың өзі даулы оқиғаға қатысты пікір білдірген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983789-vainer-meiirzan-torebaevty-qamauda-ustau-merzimi-tagy-bir-aiga-uzartyldy/