Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе қаласында күзгі санитарлық-тазалық жұмыстарының екі айлық науқаны басталды

Опубликовано:

сенбілік
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Бүгін Ақтөбе қаласында күзгі санитарлық-тазалық жұмыстарының екі айлық науқаны басталды.

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов санитарлық-тазалық науқанына қатысты. 101-ші атқыштар дивизиясы көшесінде орналасқан скверде, Батыс-2 шағын ауданындағы "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде сенбілік жұмыстарына білек сыбана кірісіп, қаланы көркейту, абаттандыру жұмыстарына үлес қосты.

Ералы Тоғажанов сенбілікте
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

"Ақтөбе - еліміздің батыс өңіріндегі ірі қала. Сәулетіне көркі сай болуы тиіс. Шаһардың тазалығы өзімізге сын. Сондықтан қала тұрғындары, кәсіпкерлік объектілерінің иелері, меншік нысанына қарамастан барлық мекеме басшылары, ұжымдары сенбілік жұмыстарына шығып, аумақтарын тазалауға міндетті. Мен барлық Ақтөбе жұртын екі айлық тазалық науқанына белсенді қатысуға шақырамын!", - деді Ералы Тоғжанов.

шенеуніктер
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Айта кету керек, екі айлық санитарлық-тазалық жұмыстарының аясындағы бірінші сенбілік бүгін қаланың 62 қоғамдық кеңістігінде өтті. Астана ауданы бойынша 46, Алматы ауданының 16 саябағы мен скверінде сенбілік жұмыстарына мемлекеттік қызметкерлер, мекеме ұжымдары шықты.

тал қырқып жатқан жұмысшы
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Бұдан бөлек, көп қабатты үйлердің басқарушы компаниялары, кондоминиумдары (КСК, ОСИ) тұрғындармен бірлесіп аула аумақтарын ретке келтіріп, ауланы күл-қоқыстан тазартты.

Санитарлық тазалық науқаны аясында 17 қыркүйек пен 17 қараша аралығында апта сайын жалпы қалалық сенбіліктер ұйымдастырылатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988589-aqtobe-qalasynda-kuzgi-sanitarlyq-tazalyq-zumystarynyn-eki-ailyq-nauqany-bastaldy/

pixel