Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мегаполистерінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады

Опубликовано:

Орындық және гүл
Бақшадағы орындық және гүл. Көрнекі фото: Pexels.com

Сейсенбі, 20 қыркүйек күні еліміздің мегаполистері – Алматы, Астана және Шымкентте жауын-шашынсыз ыстық ауа райы болады деп уәде беріп отыр. Ағымдағы ауа райы болжамы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланған.

Ауа райы болжамына сәйкес, Алматыда бүгін термометр бағаны +27...+29 градусқа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы секундына 2 метрден 7 метрге дейін жетеді.

Астанада да жауын-шашын күтілмейді, ауа +23...+25 градусқа дейін жылынады, Алматыдағыдай желдің жылдамдығы 2-7 м/с болады.

Шымкентте 30 градустан жоғары аптап ыстық сақталады. Бүгін үшінші мегаполисте термометрлер нөлден жоғары, яғни 30-дан 32 градусқа дейін ыстық. Қала тұрғындарына желдің шамалы 8-13 м/с күшеюі ескертіледі.

Осы аптада Қазақстанға мизам шуақ келетіні осыған дейін хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988601-qazaqstan-megapolisterinde-zauyn-sasynsyz-ystyq-aua-raiy-saqtalady/

pixel