ШҚО-да бопсалаумен айналысқан күдікті арнайы жасақтан қашып, ақшаны шашып жіберді (видео)

Опубликовано:

Бопсалады деген күдіктіні ұстау сәті
ШҚО-да бопсалады деген күдіктіні ұстау сәті. Фото: ШҚО ПД

Шығыс Қазақстан облысында бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды. Арнайы операцияның жеке құрамы мен оқиғаның мән-жайын облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

20 жастағы жас жігіт тәртіп сақшыларына жүгінген. Ол Березовка ауылының тұрғыны өзінің физикалық артықшылығын пайдаланып, одан 500 мың теңге талап еткенін айтқан.

Операция барысында арнайы жасақ қызметкерлерін тарта отырып, барлық соманы аударғаннан кейін полицейлер бопсалау бойынша күдіктіні ұстады.

Заттай дәлелдер
Ақша. Фото: ШҚО ДП

Глубоковский ауданының тұрғыны тәртіп сақшыларын көргенде жол бойында заттай айғақтардан құтылып, жасырынбақ болған. Ер адам ол әрекетін мойындады. Оның заңсыз әрекетін расталып, одан ақша тәркіленді.

"Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 194 - бабы 1-бөлігі (Бопсалау) бойынша сараланады, онда 7 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза көзделген", – деп атап өтті ШҚО ПД бастығының орынбасары Алмаз Түкенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988653-sqo-da-bopsalaumen-ainalysqan-kudikti-arnaiy-zasaqtan-qasyp-aqsany-sasyp-ziberdi-video/