Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бағаның жоғары болуына байланысты "Яндекс.Таксиге" қатысты тергеу басталды

Опубликовано:

"Яндекс Go" логотипі бар машиналар
"Яндекс Go" логотипі бар машиналар. Фото: NATALIA KOLESNIKOVA/AFP via Getty Images

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Яндекс.Такси" компаниясына қатысты тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Басылым мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар айында компанияға қатысты экономикалық қызметті үйлестіру белгілері бойынша, ал шілдеде монополиялық жоғары баға белгілері бойынша тергеу басталған.

Жыл басынан бері БҚДА-ға бағаның көтерілуіне байланысты компанияның үстінен алты шағым түскен.

Ал ақпан айында "Яндекс.Таксиге" ақпарат беруден бас тартқаны үшін айыппұл салынғаны хабарланған болатын.

"Қанша айыппұл салынғанын сізге нақты айта алмаймын. Менің білуімше, мұның бәрі қазір сот жүйесінде. Бірақ компания бізбен ынтымақтастыққа дайын, компания өкілдері шығып, өз тілегін білдірді",деді сол кездегі жағдайға қатысты пікір білдірген БҚДА басшысы Серік Жұманғарин.

Сол кезде компанияның өзі айыппұлдарды "негізсіз" деп атап, оларға шағымдануға уәде берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988669-baganyn-zogary-boluyna-bailanysty-yandekstaksige-qatysty-tergeu-bastaldy/

pixel