Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайындағы көліктерге арналған пандус жөндеуге жабылды

Опубликовано:

Алматы әуежайы
Алматы әуежайындағы көліктер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы әуежайындағы көліктерге арналған пандус жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жабылды. Бұл туралы әуежай әкімшілігі Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

Пандус бүгіннен бастап жабылады делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Алматы халықаралық әуежайы аумағындағы вокзал маңы алаңында күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне және қайта жаңартуға байланысты 2022 жылдың 21 қыркүйегінен бастап пандус жабылады. Жолаушылар көліктерін жабық және ашық тұраққа қалдыра алады", делінген әуежай хабарламасында.

Терминалға жолаушылар жаяу жүргіншілер көпірі және вокзал маңы алаңы арқылы өте алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988896-almaty-auezaiyndagy-kolikterge-arnalgan-pandus-zondeuge-zabyldy/

pixel