Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында ашық даладағы өрттің бір ошағы сөндірілді

Опубликовано:

Екі өрт сөндіруші өртенген қамысқа су шашуда
Екі өрт сөндіруші өртенген қамысқа су шашуда. Оқиға орынан фото: Атырау облысы ТЖД

Атырау облысында әуеден барлау кезінде қамыстың ашық далада жанып жатқан екі ошағы және 1 га алаңда қамыстың бір ошағының бықсып жатқаны анықталды, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қоғаммен байланыс тобы әуеден барлау кезінде шамамен 400 шаршы метр алаңда қамыстың ашық далада жанып жатқан екі ошағы және 1 га алаңда қамыстың бір ошағының бықсып жатқанын анықтаған.

"Қамыстың жануы "Ақ Жайық" мемлекеттік табиғи резерватының аумағына таралған жоқ. Сөндіру жұмыстарын жүргізген сәттен бастап су ағызу құрылғысы бар ТЖМ МИ-8 тікұшағымен 33 рет жану ошақтарына су шашты.

Өрт сөндірушілер көліктің үстінде тұрып су шашуда
Өрт сөндірушілер өртенген қамысқа су шашуда. Оқиға орны. Фото: Атырау облысы ТЖД

Шамамен аумағы 400 шаршы метр болатын қамыстың ашық отпен жанып жатқан 1 ошағы сөндірілді. Өрт сөндіру бойынша жұмыстар жалғасуда", делінген ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988947-qamystyn-asyq-dalada-zanyp-zatqan-bir-osagy-sondirildi/

pixel