Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада ер адам мас күйінде екі жол-көлік оқиғасын жасады

Опубликовано:

жол апаты
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Астанада ер адам мас күйінде айдап кеткен автокөлікпен екі жол-көлік оқиғасын жасады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны сағат 12:52-де "102" арнасына хабарласып, Б.Момышұлы даңғылындағы тұрғын үйдің кіреберісінің жанынан Mercedes-Benz G 500 маркалы автокөлігін әлдекім айдап кеткені туралы айтқан.

Шағымданған азаматша көлігін оталдырылған күйінде есігін құлыптамай ашық қалдырып кеткен, орнына қайта келген сәтте көліктің жоқтығын көріп, полицияға жүгінген. Қылмыскерді іздеуге және оны ұстауға полицияның жеке құрамы бағытталды.

Бейнебақылау камераларын зерделеу барысында үйдің ауласында жүрген белгісіз ер адам көлікті оталдырып қойып отырғаны және үйіне кіріп бара жатқан әйелді бақылағаны анықталды.

Осы сәтті пайдаланып, ол рөлге отырып Land Cruiser 200 автокөлігімен соқтығысып, көлікті әрі қарай айдап кете берген. Сондай-ақ Тәуелсіздік даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында келесі Lexus автокөлігімен жол-көлік оқиғасын жасаған. Сол уақытта полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді.

Куәландыру нәтижесі бойынша 34 жастағы ер адам орташа ауырлықтағы мас күйінде болған. ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігіне сәйкес көлік құралын алкогольдік масаң күйде жүргізгені үшін ұсталған адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Оған қоса Қылмыстық кодекстің 200-бабы (Айдап әкету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988973-astanada-er-adam-mas-kuiinde-eki-zol-kolik-oqigasyn-zasady/

pixel