Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында жалақы көтеруді талап еткен фельдшерлер жұмыссыз қалды

Опубликовано:

Жедел жәрдем қызметі
Жедел жәрдем қызметі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Маңғыстау облысында жалақы көтеруді талап еткен фельдшерлер жаппай жұмыссыз қалды. Жедел жәрдем қызметі тоқтап қалмас үшін орнына басқа адамдарды алып жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, жедел жәрдем қызметкерлерінің бір аптаға созылған ереуілін сот заңсыз деп таныған. Сондықтан Жаңаөзен мен Мұнайлы ауданында 19 қызметкер жұмыстан босатылған. Әріптестерін қолдаған 25 фельдшер мен 13 көлік жүргізуші өз еркімен жұмыстан кетуге арыз жазған.

Телеарна мәліметінше, Денсаулық сақтау басқармасы оларға жұмысқа қайта оралуға мүмкіндік берген. Алайда наразылар айтқан бетінен қайтпаған. Сондықтан бос орындарға жаңа қызметкерлер алынып жатыр.

Жауаптылардың айтуынша, осылайша тұралап қалған жедел жәрдем қызметі қайта жанданды. Ал әкімдік жергілікті бюджеттен еңбекақыға үстемақы ретінде 236 миллион  қаржы бөлген. Осы ақшаның есебінен жыл соңына дейін жүргізушілерге 90 мың, фельдшерлерге 40, санитарларға 30 мың теңгеден үстеме төленеді.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988993-mangystau-oblysynda-zalaqy-koterudi-talap-etken-feldserler-zumyssyz-qaldy/

pixel