Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде аулада марихуана қолданған жігіт "Сергек" камерасына түсіп қалды

Опубликовано:

Өскемен тұрғыны
Өскемен тұрғыны. Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысы орталығында полиция қызметкерлері есірткіні пайдаланған және сақтаған деген күдікпен 21 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық бұзушы "Сергек" камераларының біріне түсіп қалған.

Бейнебақылау камерасы заңсыз әрекетті тіркегеннен кейін бірнеше минут өткен соң оқиға орнына тәртіп сақшылары келген. Полицейлерді көре салысымен жас жігіт "темекі шегу аппаратын" тастауға асыққанымен, кеш қалған.

Басылымның хабарлауынша, ұстау кезінде қала тұрғыны каннабиноидтарды қолданудан туындаған есірткіге масаң күйде болған. Полицейлер жас құқық бұзушыдан фольгасы бар пластикалық бөтелке мен спецификалық иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік заты салынған бір қағаз ораманы тәркілеген.

"Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат жалпы салмағы 1,51 грамм кептірілген марихуана болып шықты. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігі (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989002-oskemende-aulada-marixuana-sekken-zigit-sergek-kamerasyna-tusip-qaldy/

pixel