Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да ер адам тергеу изоляторына бауырсақ ішіне есірткі салып өткізбек болған

Опубликовано:

Бауырсақтың ішінен шыққан есірткілер
Бауырсақтың ішінен шыққан есірткілер. Фото: Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында бауырсақ ішіне есірткі салып, тергеу изоляторына өткізбек болған ер адамның қулығы әшкере болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомстволық сайттың мәліметінше, ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №73 мекемесіне 38 жастағы Өскемен тұрғыны сәлемдемемен келген.

Ол әкелген сәлемдеме үш келі бауырсақ болған. Тексеру кезінде олардың жетеуінен белгілі бір иісі бар белгісіз жасыл түсті заттар табылған.

Тыйым салынған заттар апелляциялық соттың шешімін күтіп отырған азаматқа арналғаны белгілі болған. Ол тонау бойынша тергеуге алынған.

Сараптама нәтижесінде аталған зат есірткі, яғни кептірілген марихуана екені анықталған.

"Тергеудегі және сотталған адамдармен жүргізілетін профилактикалық әңгімелесулерге қарамастан, олардың туыстары тыйым салынған заттарды мекемеге кіргізуге тырысады. Қызметкерлердің қырағылығының арқасында мұндай деректердің алдын аламыз. Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр", – дейді №73 мекеменің бастығы Тілеуберген Көнекбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989208-sqo-da-er-adam-tergeu-izolyatoryna-bauyrsaq-isine-esirtki-salyp-otkizbek-bolgan/

pixel