Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада TikTok-тағы экспериментті қайталағаны үшін жасөспірімдердің ата-аналарына айыппұл салынды

Опубликовано:

Үкім оқып тұрған судья
Үкім оқып тұрған судья. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында екі жасөспірімнің ата-анасына қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды қалалық соттың ресми сайты.

Іс "Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық" бабы бойынша қаралған.

Іс материалдарына сәйкес, 2007 жылы туған екі жасөспірім TikTok әлеуметтік желісіндегі бейнеэкспериментті көргеннен кейін оны қайталауға шешім қабылдаған.

Сөйтіп олар 20 литрлік бөтелкені суға толтырып, көпқабатты үйдің 16 қабатынан лақтырған. Сол сәтте төменде жолаушы өтіп бара жатқан. Абырой болғанда ол қашып үлгерген.

"Бұл факт әлеуметтік желілердің жас ерекшелегіне қарай дамуы толық қалыптасып бітпеген балаларға теріс әсер ететінін көрсетеді. Сотта балаларды үйде қараусыз қалдырған ата-аналардың кінәсі дәлелденді", делінген сот хабарламасында.

Сот үкімімен кәмелетке толмағандардың ата-аналарына 15 009 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989263-astanada-tiktok-tagy-eksperimentti-qaitalagany-usin-zasospirimderdin-ata-analaryna-aiyppul-salyndy/

pixel