jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Саясат Нұрбек шетелде оқитын балаларының қазақстандық мектепке не үшін ауыспағанын түсіндірді

Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек. Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бұған дейін өз балаларын қазақстандық мектепке ауыстыруға уәде бергенімен, неліктен олар әлі күнге шетелде оқып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Саясат Нұрбек балаларының бірер жылдан бері шетелде білім алып жүргенін мәлім етті.

"Расында да мен уәде бердім және уәдемді орындадым. Балалар жазда елге келді. Олар төрт жыл бойы Солтүстік Кипрдегі шетелдік жекеменшік мектепте оқу үстінде. Оны тексере аласыздар. Бұл - британиялық жекеменшік мектеп, ол жерде берілетін білім өте сапалы және біздің жекеменшік мектептермен салыстырғанда арзан", - деді ол.

Министр Кипрде оқуын жалғастыру балалардың өз таңдауы екенін атап өткен.

"Біз балалармен байыпты түрде сөйлестік. Олар - ересек, ой-өрісі жетілген балалар. Шетелдік мектептердің бір жақсы жері - еркін, сыни ойлауға баулиды. Олар өздері таңдау жасады. Мен балаларымның таңдауын құрметтеуім керек. Олар оқуын Кипрде жалғастыру туралы шешім қабылдады. Балаларымның шешімі мен таңдау құқығын құрметтей отырып, олармен келістім. Сондықтан менің және балаларымның пікірін сыйлауыңызды сұраймын", - деп түйіндеді сөзін министр.

Еске сала кетейік, маусым айында Қазақстанның Ғылым және білім министрлігі екіге бөлінген болатын. Жаңадан құрылған Ғылым және жоғары білім министрлігін Саясат Нұрбек басқарады. Сол кезде министр балаларының Қазақстанға оралып, оқуды елде жалғастыратыны туралы уәде берген еді.

Саясат Нұрбек шетелде оқитын балаларының қазақстандық мектепке не үшін ауыспағанын түсіндірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.