"Күнделік" платформасы ақылы болады: Желіде тараған ақпарат расталмады
Опубликовано:

Желі қолданушылары "Күнделік" платформасы мектеп оқушылары мен ата-аналар үшін ақылы болады деген хабарлама тарата бастады. Ақпарат расталмады, деп жазады Stopfake.
Басылым хабарламаның рас-өтірігін Оқу-ағарту министрлігінен нақтылаған.
""Күнделік" – қазақстандық мектептерге арналған цифрлық білім беру платформасы. Негізгі функционал оқушыларға, педагогтерге және ата-аналарға тегін ұсынылады. Бұл кіру, бағалау, үй тапсырмалары, сабақ жоспарлары және тағы басқа. Бұл опциялардың ақылы болатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989368-kundelik-platformasy-aqyly-bolady-zelide-taragan-aqparat-rastalmady/