Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Стамбұлдан Оспан батыр туралы құнды қолжазба табылды

Опубликовано:

Стамбұлдан Оспан батыр туралы құнды қолжазба
Стамбұлдан Оспан батыр туралы құнды қолжазба. Видеодан кадр: Хабар24

Стамбұлдан табылған Оспан батыр туралы Нұрғожай батырдың қолжазбасы Алматыдағы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне тапсырылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Құнды құжатты Қазақстанға Нұрғожай батырдың немересі Бахадыр Хаджихан арнайы алып келген.

Телеарнаның хабарлауынша, қолжазбада бүкіл Алтай жерін және Шығыс Түркістандағы қазақтарды езіп жаншыған Қытай губернаторы Шың Шы Сайдан азат етуге атсалысқан Оспан батырдың ерлігі, мергендігі, соғыстағы ерекше тактикасы жазылған.

Естеліктің жазылуына Оспан батырдың алғашқы сегіз комиссарларының бірі Нұрғожай батыр себепкер болған. Ол Оспан батырмен бірге жүріп, жауға қарсы соғысқан.

"Бұл атамыз (Нұрғожай батыр - ред.) өзі әскер болғанымен, жаза алмаған. Кейін 1984 жылы Шығыс Түркістаннан Сұлтан Оспанұлы деген жазушы келіп, бұл кісінің үйінде екі ай жатып, естелігін жазған.

Сонда атамыз ақылды екен, ол жігітке "сен не жазсаң да екеу етіп жаз, біреуін маған қалдырып кет" деген. Сонымен екі естелік жазған, біреуін алып кеткен. Естелікті әлгі кісі (Сұлтан Оспанұлы - ред.) елген барған соң сол жақтағы сақшы орындары тартып алып, жоқ қылып жіберіпті. Сондықтан Түркияда қалған естелік өте құнды", - дейді Мимар көркем өнер университетінің профессоры Әбдіуақап Қара.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989423-stambuldan-ospan-batyr-turaly-qundy-qolzazba-tabyldy/

pixel