Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2ГИС қосымшасы App Store-дан жоғалып кетті

Опубликовано:

2ГИС қосымшасын қарап отырған адам
2ГИС қосымшасын қарап отырған адам. Көрнекі фото: instagram.com/2gis

2ГИС картографиялық сервисінің қосымшасы App Store-дан жоғалып кетті. Бұны қосымшаны қолданушылар байқаған. Мән-жайды сервистің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РБК-ға сілтеме жасап.

"2ГИС қосымшасы App Store-дан өшірілді. Дегенмен бұған дейін орнатылған қосымшалар жұмысын тоқтатпайды. Деректер күн сайын жаңартылып отырады. Сондай-ақ қосымшада бұрынғысынша кез келген қаланы жүктеп алуға болады", - дейді сервистің баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар сервис мамандары iPhone қолданушыларынан қосымшаны өшірмеуді, егер смартфонды ауыстырсаңыз онда 2ГИС сайтын қолдануға кеңес береді. Бұл үшін сайт белгішесін компютердің жұмыс үстеліне орнату қажет.

Ал Google Play-да 2ГИС қосымшасы әзірге қолжетімді.

Айта кетейік, 2ГИС картографиялық сервисінің негізгі иесі АҚШ бұған дейін санкция салған Сбербанк болып табылады. Компания 2020 жылы сервисвтің 72 пайыз акциясын сатып алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989434-2gis-qosymsasy-app-store-dan-zogalyp-ketti/

pixel