Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОСК президенттікке кандидаттарға қол жинауға көбірек уақыт берді

Опубликовано:

Ер адамның құжатқа қол қою сәті
Ер адам құжатқа қол қоюда. Көрнекі фото: Pexels.com

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы кейбір рәсімдердің уақытын қысқартқанын хабарлады. Бұл Қазақстан президенттігіне кандидаттарға қол жинауға көбірек мүмкіндік береді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров комиссия "Сайлау туралы" заңның құқығын пайдалану жөнінде шешім қабылдағанын, онда рәсімдердің мерзімін қысқарту мүмкіндігі көрсетілгенін хабарлады.

"Сайлау заңнамасының негізінде біз президенттікке кандидаттарға қол қою парағын беру мерзімін екі есеге яғни 5 күннен 2 күнге дейін қысқарттық. Сондай-ақ үміткерлер жинаған қолдың дұрыстығын тексеру мерзімі 10-нан 5 күнтізбелік күнге дейін қысқартылды. Осылайша, рәсімдерге бөлінген мерзімдерді қысқарту есебінен кандиттарға қол жинауға көбірек уақыт берілді", – дейді Нұрлан Әбдіров.

Президенттікке кандидатты кемінде 2-3 облыста, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада тең дәрежеде жалпы сайлаушылардың бір пайызынан кем емес адам қолдауы керек, деп еске салды ОСК.

Қазақстандағы сайлаушылардың жалпы саны – 11,8 млн-нан астам адам екенін ескерсек, кандидат кем дегенде 118 273 қол жинауы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989611-osk-prezidenttikke-umitkerlerge-qol-zinauga-kobirek-uaqyt-berdi/

pixel