Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға тұруға рұқсат беру ережелері өзгеруі мүмкін

Опубликовано:

ХҚҚО-да кезек күтіп отырған адамдар
ХҚҚО-да кезек күтіп отырған адамдар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

ІІМ Көші-қон қызметі комитеті "Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру" қағидаларына өзгерістер енгізуді ұсынды. Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Енді шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстанда тұруға рұқсат беру туралы өтінішті алу үшін шетелдік паспортының көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін), азаматтығы жоқ адамның құжаты (жарамдылық мерзімі өтініш берген күннен күнтізбе бойынша 180 күннен асуы тиіс) қажет.

Бірлескен өтініш берген кезде баланың туу туралы куәлігі немесе он алты жасқа толмаған баланың жеке басын куәландыратын басқа да құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін) болу керек.

Бұған дейінгі ережеде өтініш беру кезінде ұлттық төлқұжаттың көшірмесі мен түпнұсқасын немесе азаматтығы жоқ адамның құжатын ұсынуға болатын еді.

Сонымен қатар өтініш беруші соттылығының бар-жоғы туралы анықтаманы ұсынуы керек болатын. Енді жаңа ереже бойынша бұл құжатты қағаз түрінде тапсыру қажет. Сондай-ақ құжатта құзыретті органның уәкілетті қызметкері қол қойғаны және бөлімшенің елтаңбалы мөрімен расталғаны көрсетілуі тиіс.

Қалған тармақтар өзгеріссіз қалдырылды. Олармен сілтеме бойынша танысуға болады.

Құжатты талқылау 10 қазанға дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989655-qazaqstanda-seteldikterge-turuga-ruqsat-beru-erezeleri-ozgerui-mumkin/

pixel