Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байқоңыр тұрғындары ішінара мобилизацияға іліге ме: Ресей әскери комиссариаты үндеу жасады

Опубликовано:

Ресей ту1
Көрнекі фото: piqsels.com

Байқоңырда қазір ішінара мобилизация шаралары өткізілмейді. Бұл туралы Байқоңыр қаласы әкімшілігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ресей Федерациясы президентінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі ішінара мобилизация жариялау туралы Жарлығының шығуына байланысты Ресей Федерациясының Байқоңыр қаласының Әскери комиссариаты (бұдан әрі – Әскери комиссариат) Ресей Федерациясының азаматтарына Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі туралы келісімге сәйкес атқарушы билік органдарының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы қаулысымен Байқоңыр қаласында Ресей Федерациясының азаматтарын есепке алу және әскерге шақыру жұмыстарын Әскери комиссариат жүзеге асыратынын хабарлайды", - делінген қалалық әкімшіліктің ресми сайтындағы хабарламада.

Сонымен қатар, қала басшылығы Байқоңыр қаласының Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі екенін ескере отырып, қазіргі уақытта Ресей азаматтарын ішінара мобилизациялау шаралары жүргізіліп отырмағанын мәлім етті.

"Байқоңыр қаласының тұрғындары, Ресей Федерациясының азаматтарына қатысты мобилизациялау шаралары әскери қызметке өз еркімен баруға ниет білдірген азаматтарға қатысты ғана жүргізіледі", - деп хабарлады Ресей Федерациясының Байқоңыр қаласы бойынша Әскери комиссариаты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989936-baiqonyr-turgyndary-isinara-mobilizaciyaga-ilige-me-resei-askeri-komissariaty-undeu-zasady/

pixel