Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Air Astana Алматыдан ұшатын рейстердің неліктен кешіккенін түсіндірді

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Сәрсенбі, 28 қыркүйекте Алматы мен Атырау әуежайларында интернет істеп шығып, соның салдарынан рейстерге тіркелу қолмен жүргізілді. Бұл рейстің кешігуіне себеп болды, деп хабарлайды Air Astana баспасөз қызметінің Telegram арнасы.

"Air Astana бүгін сағат 04.00 шамасында Алматы әуежайында және ішінара Атырау әуежайында провайдерде интернет-байланысының істен шыққанын хабарлайды.

Осыған байланысты жолаушыларды рейстерге тіркеу қолмен жүргізілді, бұл Алматыдан келетін таңғы рейстердің орташа есеппен 1,5 сағатқа кешігуіне әкелді", - делінген компания хабарламасында.

Интернет байланысы 08.40-та қайта іске қосылған. Қазіргі уақытта әуе компаниясы біртіндеп ұшу кестесін қалпына келтіріп жатқанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989957-air-astana-almatydan-usatyn-reisterdin-nelikten-kesikkenin-tusindirdi/

pixel