Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пәтерақысы қымбаттап, үйден қуылғаны туралы "әзіл" түсірген қызылордалық әйел айыппұл арқалады

Опубликовано:

полиция қызметкері тұрғынның өтініш-арызын тыңдауда
Полиция қызметкері. Фото: polisia.kz

Жалға алу бағасының көтерілуіне байланысты пәтерден шығару туралы ТikTok желісіндегі "әзілі" үшін қызылордалық әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметінің Telegram-дағы ресми арнасы.

Қызылорда қаласының 26 жастағы тұрғыны отбасымен табиғатқа шығып, TikTok-та "500 мың төлемесеңдер квартираны босатыңдар деп, далада түнеп жатырмыз" деген видео жариялаған.

Ведомство бейнежазба бойынша полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізгенін мәлім етті. Нәтижесінде желідегі мәлімет шындыққа сәйкес келмейтіні анықталған.

"Ол өзінің жеке үйінде отбасымен бірге тұратын болып шықты. Бір сәтте мыңдаған адамдардың назарын аударған жас әйел бұл қарапайым әзіл екенін айтады", - делінген ведомство хабарламасында.

Оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы "арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыру" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Полиция әйелге профилактикалық әңгіме жүргізілгенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989978-pateraqysynyn-qymbattap-uiden-quylgany-turaly-tik-tok-ta-azil-tusirgen-qyzylordalyq-aiel-aiyppul-arqalady/

pixel