Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еңбек министрлігі Қазақстанда қай елдерден қанша шетелдік жұмыс істейтінін хабарлады

Опубликовано:

Екі жұмысшы
Темірмен жұмыс істеп жатқан екі жұмысшы. Көрнекі фото: Pexels.com

2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстанда ресми түрде 15 мыңнан астам шетелдік жұмыс істейді. Соңғы мәліметтерді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми сайтында жариялады.

Министрлік мәліметінше, шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың арасында келесі санаттар бар:

  • 594 рұқсат басшылар мен олардың орынбасарлары үшін (бірінші санат);
  • 3 901 рұқсат құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін (екінші санат);
  • 8 894 рұқсат мамандар үшін (үшінші санат);
  • 911 рұқсат білікті жұмысшылар үшін (төртінші санат).

Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 430 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 604 адам жұмысқа тартылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 748 жұмыс беруші бар. Оларда 400 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96 пайызы.

Ал ең көп маман жұмыс істейтін жер бұл құрылыс саласы – 6 139 адам (40 пайыз), екінші орында тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласы – 1 489 адам (10 пайыз), келесі орындарда ауыл, орман және балық шаруашылығы саласы – 1 256 адам (8 пайыз), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласы – 1 158 адам (8 пайыз) және өңдеу өнеркәсібі саласы тұр. Мұнда 1 154 адам (8 пайыз) қызмет етеді.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай (3 576 адам), Үндістан (1 740 адам), Түркия (1 701 адам), Өзбекстан (1 535 адам) және Ұлыбритания (1 127 адам).

"Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі.

Биыл қаңтарда ірі отандық бизнес өкілдерімен кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысының берген тапсырмасын орындау үшін министрлік шетел жұмыс күшін тартуға арналған квотаны бұрын жоспарланған 28 352 бірліктен 23 560 бірлікке дейін, яғни 4 792 адамға (16 пайызға) қысқартты", – делінген ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990192-enbek-ministrligi-qazaqstanda-qai-elderden-qansa-seteldik-zumys-isteitinin-xabarlady/

pixel