Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде құқықбұзушы кәсіпкерлерге бас бостандығынан айыру жазасының орнына айыппұл салу ұсынылды

Опубликовано:

жұмыс
Кәсіпкер. Көрнекі фото: pixabay.com

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов Бас прокуратурада өткен жиында кәсіпкерлерді қандай мәселе жиі мазалайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Рустам Жүрсіновтің сөзінше, Қазақстандағы кәсіпкерлердің басты проблемаларының бірі - қылмыстық процеске бизнесті бей-берекет араластыру.

"Статистикаға сүйенсек, 2021 жылы 118 құқықбұзушылық бойынша қозғалған қылмыстық істің сотталғандарға қатынасы 11-ге тең, яғни қылмыстық процеске тартылған 11 тұлғаның кем дегенде 10-ы негізсіз қысымға ұшырап, тергеудің барлық зардабын тартты", - деп атап өтті ол.

Коммерциялық ұйымдарға қатысты ұйымдасқан қылмыс туралы ережені қолдану мүмкіндігі де бизнес-омбудсменнің алаңдаушылығын туғызады.

"Кез келген компания менеджерсіз және есепшісіз жұмыс істей алмайды. Менеджерлер, заңгерлер, орындаушылар бар. Қате және біржақты түсіндіргендіктен кейде компания белгілері қылмыстық ұйым элементтері ретінде қабылдануы мүмкін. Бұл қысым көрсетудің ыңғайлы механизміне айналады. Ол бірден ауыр қылмыс санаты болып есептеліп кетеді.

Осылайша компанияның барлық жауапты қызметкерлерін дереу қамауға алуға болады. Бұл жағдайда кепілді пайдалану құқығы толығымен қолданылмай қалады. Сот жүйесінің мәліметінше, санкциялардың 97 пайызы қамауға алу. Үйқамақ – 2 пайыз ғана. Оның ішінде тек 37 жағдайда ғана электронды бақылау құралдары қолданылады. Яғни, барлық санкциялардың 0,3 пайызы", - деп баса айтты спикер.

Жүрсінов "күдіктілердің көпшілігі қанішер емес және олар қоғамға қауіп төндірмейтін болса, неліктен қамауда ұстау керек" деген түйін жасады.

"Біз коммерциялық компания мен қылмыстық топты тең қарамауымыз керек. Ресейде мұндай түсінік қалыптасқан. Құқықбұзушы кәсіпкерлерді бас бостандығынан айырудан гөрі көбірек айыппұлмен жазалау керек деп есептейміз. Заңды бұзды, зиян келтірді – қылмыстық бап бойынша сотталғанша, айыппұлды 2-3 есе артық төлесін. Сонда ол адам экономиканың субъектісі ретінде қалады, жұмыс орны қалады, ол салық төлейді, мемлекетке пайда әкеледі", - деп тұжырымдады ойын бизнес-омбудсмен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990247-elimizde-quqyqbuzusy-kasipkerlerge-bas-bostandygynan-aiyru-zazasynyn-ornyna-aiyppul-salu-usynyldy/

pixel