Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отызыншы жылдардағыдай": Ресейліктер Қазақстанда өздерін қалай қарсы алғанын айтып берді

Опубликовано:

ХҚКО
Ресейлік азаматтар. Видеодан кадр: Telegram/POLICE_of_KZ

Ресейліктердің ағыны артқан аймақтарда полиция қызметтері штаттық режимде жұмыс істеуде. Келушілерге көмек көрсетілуде, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің Telegram арнасы.

Мысалы Павлодарда жүрген ресейліктердің сөзінше, олардың Қазақстанға келуіне түрлі себеп болған. Олардың бірі келген бойда көші-қон қызметіне тіркелуге барғанын айтты. Шетелдік азамат ол жерде ешқандай кезек жоқ екенін атап өтті.

Полицейлердің айтуынша, шетелдіктердің келуі аймақтағы қылмыстық ахуалға әсер етпеген.

Ресей Федерациясының азаматтары Павлодарға жаппай келе бастағаннан бері тәртіп сақшылары олардың қатысуымен бірде-бір құқық бұзушылықты тіркемеген.

Енді учаскелік инспекторлар жатақхана мен қонақүйлерге жиі барып, шетелдіктерге тіркеу ережелерін еске салады.

Ал Павлодарға келген ресейліктер "Астана" телеарнасына жергілікті тұрғындардың қалай қарсы алғанын айтып берді.

"Отызыншы жылдардағыдай Қазақстан адамдарды қалай қабылдады, қазір де солай. Еш жерде бізге қабақ шытқанын байқамадым", - деп атап өтті Антон.

"Мен жаяу келе жаттым, алып кете ме деп, адамдардың көлігін қаға бастадым, маған қазақстандық бір адам көмектесті. Өте жайдарлы, мейірімді адам", - дейді тағы бір ресейлік азамат.

Бұған дейін көрші елдің азаматтары Қазақстанның қонақжай ел екені туралы естігендерін айтқан. Елімізге келген соң олар бұл сөздердің растығына көз жеткіздік дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990297-otyzynsy-zyldardagydai-reseilikter-qazaqstanda-ozderin-qalai-qarsy-alganyn-aityp-berdi/

pixel