Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында ауыл әкімі жаралы аққуды далада қалдырмай, қамқорлық танытты

Опубликовано:

Тобыл ауылының аллеясына келген аққу
Жаралы аққу. Фото: kstnews.kz

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданына қарасты Тобыл ауылының әкімі жаралы аққуға пана болар адамдарды іздеп тапты, деп хабарлайды Қостанай жаңалықтарына сілтеме KAZ.NUR.KZ.

Тобыл ауылының орталық аллеясына ұшып келген аққу әкімді де, тұрғындарды да алаңдатып қойды. Көпшілігі қанаты жарақаттанған аққу құсты ит тістеп алады деп қорыққан болатын.

Осы орайда, ауыл әкімі Аманжол Есмағамбетов аққудың халіне бей-жай қарамай, өз үйіне алып кетті. Сонымен қатар, аққу қыстап шығатындай жағдай жасалған қайырымды жандарға іздеу салды.

Қуанышқа қарай, аққуға ыңғайлы мекен көршілес Қамысты ауданынан табылған. Мұнда өзінің көлі мен шаруа қожалығы бар адам аққуды қамқорлығына алды.

"Аққуды сеніп тапсыратын адам туралы сұрастырдым. Әріптестері оның жақсы адам екенін айтты. Бірнеше күннен кейін ол аққуды алып кетті", - дейді әкім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990316-qostanai-oblysynda-auyl-akimi-zaraly-aqqudy-dalada-qaldyrmai-qamqorlyq-tanytty/

pixel