Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"9 мыңға жуық балаға орын жетіспейді": Президент Абай облысында мектеп пен балабақша салуды тапсырды

Опубликовано:

оқушы
Көрнекі фото: qazaqstan.tv

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай облысы жұртшылығымен кездесуі барысында облыстағы білім мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды БОРТ N1 Telegram арнасы.

Президенттің сөзінше, өңірде алдағы уақытта 11 мектеп пен 14 балабақша салу жоспарланған, алайда мұның өзі жеткіліксіз.

"Білім – бәсекеге қабілетті және табысты ұлт болудың басты кепілі. Қазір елімізде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қолға алынып жатыр.

Абай облысындағы мектептерде 9 мыңға жуық балаға орын жетіспейді. Алдағы уақытта 11 мектеп және 14 балабақша салу жоспарланған. Бірақ мұның өзі жеткіліксіз. Үкімет пен әкімдікке облыс мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесін біржола шешуді тапсырамын", - деді президент.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990416-9-mynga-zuyq-balaga-oryn-zetispeidi-prezident-abai-oblysynda-mektep-pen-balabaqsa-saludy-tapsyrdy/

pixel