Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері үш күнге жабылады

Опубликовано:

"Құрғақ порт" көліктік-логистикалық кешені
"Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА. "Құрғақ порт" көліктік-логистикалық кешені. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 1-3 қазан аралығында жұмыс істемейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті ресми Telegram-арнасында хабарлады.

"Мемлекеттік кірістер комитеті, Қытай Халық Республикасы құрылған күнін мерекелеуіне байланысты 2022 жылғы 1 қазаннан бастап 3 қазанға дейін қазақ-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктердің өтуі жүзеге асырылмайтынын хабарлайды", – делінген ресми хабарламада.

Ал Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады.

"Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – дейді комитеттегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990525-qazaqstan-qytai-sekarasyndagy-otkizu-punktteri-us-kunge-zabylady/

pixel