Астанада лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтеді: Жедел штаб қала тұрғындарына үндеу жасады

Опубликовано:

Терроризм
Терроризмге қарсы іс-қимыл. Көрнекі фото: ҰҚК ресми сайты

Астанада 1 қазан күні сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ терроризмге қарсы күрес жөніндегі елорданың жедел штабына сілтеме жасап.

"Астаналық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, "VIRAGE-2022" лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр", — делінген хабарламада.

Жаттығу әртүрлі күрделі элементтері бар жауынгерлік жағдайларға мүмкіндігінше жақын өтеді.

Ведомствоның хабарлауынша, оқу-жаттығу аясында әскери техника AН64 айналма жолымен қозғалады, бұл көліктердің қозғалысын шектейді.

"Осыған байланысты қала тұрғындарын өткізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", — делінген штаб хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990577-astanada-lankestikke-qarsy-oqu-zattygu-otedi-zedel-stab-qala-turgyndaryna-undeu-zasady/