Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ажырасу күрт артқан: "Бақытты отбасы" бағдарламасына толық емес отбасылар қатыса алмайды

Опубликовано:

Тиын салынған жинақ сандықша және қағаз ақша
Тиын салынған жинақ сандықша және қағаз ақша. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Толық емес отбасылар мөлшерлемесі екі пайызға тең тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды. Бұл санаттағы отбасылар мөлшерлемесі 5 пайызды құрайтын бағдарламалардың қатысушысы болып қала береді, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілі Бауыржан Қабдол мәлімдеген. Министрлік өкілінің айтуынша, енді "Бақытты отбасы" бағдарламасына ата-анасының қамқорынсыз қалған азаматтар мен 1,2-топтағы мүгедектер қосылады. Ал толық емес отбасылар мөлшерлемесі 5 пайызды құрайтын бағдарламалардың қатысушысы болып қала береді.

Телеарнаның хабарлауынша, мұндай шешім соңғы жылдары жастар арасында ажырасу деректерінің күрт көбеюіне байланысты жасалып отыр.

ИИДМ Комитет төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдолдың сөзінше, "Бақытты отбасы" бағдарламасы іске қосылғаннан кейін әкімдіктерде толық емес отбасы санаты бойынша кезекте тұрғандар саны 72 пайызға немесе 61,6 мың адамға артқанын көрсеткен.

"Бұл ретте әлеуметтік осал топтар арасында толық емес отбасылардан шыққан кезекте тұрғандардың үлесі 36 пайыз, ал жалпы саны 23,8 мыңды құрайды. Бұл басқа кезекте тұрғандардың тең емес жағдайын тудырады. Мәселен, "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтініштердің 50 пайыздан астамы осы санаттан келіп түсті, оның 35 пайызы жеңілдетілген қарыздар алды", - дейді министрлік өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990820-azyrasu-kurt-artqan-baqytty-otbasy-bagdarlamasyna-tolyq-emes-otbasylar-qatysa-almaidy/

pixel