Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ҚазАвтоЖол" қысқы маусымға дайындық қалай жүзеге асатынын айтты

Опубликовано:

жол қыс
Фото: pixabay

Бірнеше айдан кейін жол құрылысы маусымы аяқталып, республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстау жұмыстары басталады. Жаз мезгілінің ортасынан бастап "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының қызметкерлері мердігер ұйымдармен бірлесе қысқы кезеңге арналған дайындық жұмыстарын бастап кетті. Компания өкілдері бірнеше пункттен тұратын іс-шаралар жоспары туралы баяндады. 

"Бірінші. Арнайы техника сақадай сай дайын тұруы керек. Қолданыстағы барлық арнайы техниканы тексердік. Арнайы техниканың белгілі бір бөлігі жөнделіп, ретке келтірілді. Ал алдағы қыста қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету үшін 100-ден астам арнайы техниканы сатып алу және 500-ге жуық арнайы техниканы жалға алу қарастырылды. Осылайша, қысқы кезеңде республикалық трассаларды қардан тазалап, күтіп-ұстау үшін 2 000-нан астам арнайы техника дайындалды. Олардың қатарында автогрейдерлер, шнекороторлар, қар тазалайтын құрылығымен жабдықталған тиегіштер мен тракторлар және т. б. бар.

Екінші. 400-ден астам өндірістік база мен қойма дайындалды. Оларда көктайғаққа қарсы материалдар сақталып, арнайы техникаға техникалық қызмет көрсетіледі.

Үшінші. Көктайғаққа қарсы материалдарды дайындауды жалғастырып жатырмыз. Жалпы алғанда 120 мың м3 құм, 23 мың тонна тұз, 1200 тонна химреагент қоспаларын және т. б. дайындау қажет.

Төртінші. Қалың қар басу қаупі жоғары учаскелер анықталды. Мәселен, бүгінгі күні олардың ұзындығы 3 мың шақырымды құрап отыр. Қысқы күтіп ұстау жұмыстары аясында бұл учаскелерді ерекше бақылауға аламыз.

Бесінші. Жылыту пункттері жөндеуден өтті. Қазір республикалық автожолдардың бойында 125-тен астам жылыту пункттері бар.

Алтыншы. Қысқы кезеңде республикалық трассаларды пайдаланушылармен кері байланысты нығайту үшін бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 колл-орталығының қызметкерлерінің санын арттыру жоспарланып отыр. Естеріңізге сала кетейін, биылғы тоғыз айда колл-орталық операторлары 150 мыңнан астам өтінім өңдеді.

Қазіргі таңда алдағы үш жылға арналған республикалық автожолдарды күтіп ұстау жөніндегі жаңа тұжырымдаманы әзірлеу бойынша үлкен жұмыс жүргізудеміз. Үш негізгі бағытты қамтыдық: арнайы техника паркін жаңа заманауи арнайы техникамен толықтырамыз, материалдық-техникалық базаны жаңартамыз, жол қызметкерлерінің жалақысын арттыруды мәселесі де жоспарланып отыр", - дейді компания өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990917-qazavtozol-qysqy-mausymga-daiyndyq-qalai-zuzege-asatynyn-aitty/

pixel