Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ: Қазақстанға Ресейден 200 мыңнан астам адам келіп, 147 мыңы шығып кеткен

Опубликовано:

Әуежайдағы шабадан
Әуежайдағы шабадан. Көрнекі фото: pixabay.com

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне 21 қыркүйектен бері Қазақстан аумағына қанша ресейлік келгенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тиісті сауалды Ішкі істер министріне журналистер қойды. Марат Ахметжанов сұраққа соңғы статистикаға сүйеніп жауап берген.

"Қазақстанға 200 мыңнан астам Ресей азаматы кірсе, бүгінде 147 мыңы елден кеткен", - деді министр.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігінің басшысы 21 қыркүйектен бері қанша ресейлік Қазақстан азаматтығын алуға өтініш бергенін айтқан болатын. Ахметжановтың сөзінше, есепті кезеңде Ресейдің 382 азаматы тұрақты тұруға, 64-і Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдірген. Ол бүгінгі таңда еліміздегі криминогендік жағдай тұрақты екенін атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1990958-iim-qazaqstanga-reseiden-200-mynnan-astam-adam-kelip-147-myny-sygyp-ketken/

pixel