Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен Мальдив аралдары арасында тұрақты әуе рейсі ашылады

Опубликовано:

Мальдив аралдары
Мальдив. Көрнекі фото: Pexels.com

Қазақстан мен Мальдив аралдары арасында тұрақты әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті ресми Telegram-арнасында.

Комитеттің мәліметінше, бұған дейін Қазақстан мен Мальдив Республикасы арасында құқықтық базаның болмауына байланысты тек чартерлік рейстер орындалған болатын.

Таяуда Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) ассамблеясының 41-ші сессиясы шеңберінде Қазақстан мен Мальдив Республикасы арасында тұрақты рейстерді орындау үшін құқықтық база құрылған.

Оған сәйкес, енді екі ел арасында аптасына 7 тұрақты рейс орындалмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991018-qazaqstan-men-maldiv-araldary-arasynda-turaqty-aue-reisi-asylady/

pixel