Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полициясы сауда орталығындағы жанжалдың видеосына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Сауда орталығы
Сауда орталығындағы жанжал. Видеодан кадр: polisia.kz

Алматы полициясы қаладағы сауда үйлерінің біріндегі жанжалдың видеосына қатысты пікір білдірді. Бейнекамераға сауда орталығының қызметкері мен келуші арасында болған төбелес түсіп қалған, деп хабарлайды Polisia.kz ресми Telegram арнасында.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, екі тарап та полицияға арызбен жүгінген.

"Бұл деректі қазір Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі тексеріп жатыр.

Ойын-сауық орталығы қызметкерінің алған дене жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, материал Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 73-1 бабы бойынша тіркелген.

Айта кетейік, аталған жайттың видеосын журналист Михаил Козачков Telegram арнасында жариялаған болатын. Оның айтуынша, орталық қызметкерін танымал оператор әрі продюсер Азамат Дулатов ұрып-соққан, ол "Келинка Сабина", "Құдалар", "Побег из аула" сияқты фильмдерді түсірген.

"Кеше Дулатов мырза Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде балалар ойын-сауық орталығында төбелесті. Әуелі әйелі сол жерде жанжал шығарды, содан кейін ол барлығының сазайын тартқызу үшін Азаматты шақырды", - деп жазды журналист.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991183-almaty-policiyasy-sauda-ortalygyndagy-zanzaldyn-videosyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel