Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда "ROBOFEST" робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі өтті

Опубликовано:

Робототехника фестивалі – Тараз қаласында
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен ​ 2022 жылдың​ 6 қазан күні қала күніне орай мектеп оқушыларын ғылым мен технологияға шабыттандыру және балалар арасында инженерлік мамандықтардың маңыздылығын насихаттау мақсатында "ROBOFEST" робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар атты фестивалі өткізілді.

Робототехника фестивалі – Тараз қаласында алғашқы ірі роботтандырылған техникалық шығармашылық пен жаңа технологиялардың​ форумы.

Робототехника фестивалі – Тараз қаласында
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Фестиваль барысында оқушылардың өздерінің шығармашылық ізденістері бойынша жасалған роботтар көрмесі ұйымдастырылды. Қазіргі кезде оқушылардың роботқа, техникаға деген қызығушылығы жоғары. Фестивальге қатысушы оқушылар арасында Суммо, кегельринг, робо кросс, WeDo роботтар категориялары бойынша өз жалғасын тапты.

Робототехника фестивалі – Тараз қаласында
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Жарыс қорытындысы бойынша топ жарған командалар жүлделі орындармен марапатталды.

Фестивальге​ қала әкімінің орынбасары Сариев Бақдаулет Жолдасұлы, қалалық білім бөлімі басшысы Қожамжарова Раушан Пернешқызы, БАҚ өкілдері, педагогтер мен мектеп білім алушылары қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1991444-tarazda-robofest-robototexnika-bagdarlamalau-zane-innovaciyalyq-texnologiyalar-festivali-otti/

pixel